Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Құран – мұсылман өркениетінің дүниетанымдық өзегін айқындайтын және табиғат заңдылықтарын тануға бағдар беретін бірегей иләһи мәтін. Құран аяттарында уақыт, кеңістік, қозғалыс және болмыс категорияларына қатысты көптеген мағыналық ишаралар қамтылған. Осы мақалада Миғраж мұғжизасы түркі қолжазбалық дәстүр материалдары негізінде рухани антропология мен заманауи ғылыми ойлау жүйесінің тоғысқан кеңістігінде талданады. Зерттеудің басты нысаны – Миғраж оқиғасының адам санасының трансценденттік әлеуетін ашудағы рөлі, уақыт пен кеңістік ұғымдарының салыстырмалы сипаты және діни танымның эпистемологиялық шектеулері. Зерттеу жұмысы сапалық әдіснамаға сүйеніп, кітапханалық дереккөздер арқылы классикалық тәпсірлер, сопылық мәтіндер, түркі тіліндегі қолжазба нұсқалар және қазіргі физика саласындағы теориялық тұжырымдар жүйелі салыстырмалы талдаудан өткізіледі. Миғраж сапары аясында кеңістік пен уақыттың абсолютті емес екендігі, қозғалыс феноменінің онтологиялық мағынасы және рухани тәжірибенің танымдық деңгейлері айқындалады. Сонымен қатар бұл мұғжизаны таза эмпирикалық немесе физикалық заңдылықтар шеңберінде толық түсіндіру мүмкін еместігі, ғылыми модельдердің оның болмыстық табиғатын тек шектеулі қырынан ғана сипаттай алатыны негізделеді. Мақалада пайғамбарлармен жүздесу мотиві адам рухының кемелдену баспалдақтарын бейнелейтін символдық құрылым ретінде қарастырылып, Сидратул-Мунтаһадан асу ақыл мүмкіндіктерінің шекарасын айқындайтын метафизикалық кеңістік үлгісі ретінде түсіндіріледі. Түркі қолжазбаларындағы Миғраж баяндарының тәрбиелік, танымдық және өркениеттік қызметі талданып, намаздың тұлғаның рухани қалыптасуы мен антропологиялық тұтастығын орнықтыратын іргелі институт ретіндегі мәні айқындалады.</jats:p>

Show More

Keywords

және кеңістік Миғраж рухани Құран

Related Articles