Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі қоғамның күрделі әрі қарама-қайшы дамуы, мемлекетаралық қатынастардың ғаламдық шиеленісуі жағдайында біздің мемлекет халықтың қолдауына сүйене отырып, ұлттық және шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешуге мәжбүр. Сонымен қатар, объективті және субъективті сипаттағы әр түрлі факторлардың ықпалына байланысты Қазақстандағы билік пен халық арасындағы қатынастарға, әсіресе шекара маңы аудандарында, теріс әсер ететін әлеуметтік проблемалар жинақталды. Шекара маңы аумақтарының проблемалық дамуы жағдайында халықты мемлекеттік құрылымдарға қоғамдық тұрақтылыққа төнетін қауіп-қатерлерді еңсеруге және шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде азаматтық белсенділікті арттыруға тарту мәселелері қиын шешілетін сипатқа ие болуда. Авторлар жүргізілген эмпирикалық социологиялық зерттеу нәтижелерінің қорытындысын жинақтай отырып, шекара маңы аумақтарының дамуы бойынша қолда бар тәжірибеге талдап жасау негізінде Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының шекара маңы аудандарында билік пен халық арасындағы өзара қатынастарды қалыптастырудағы оң және теріс үрдістерді айқындайды және аталған қатынастарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар береді.</jats:p>

Show More

Keywords

және маңы дамуы шекара жағдайында

Related Articles

PORE

About

Connect