Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл зерттеуде қазақ ауыз әдебиетіндегі әйелдер шығарған мәтіндер мен жанрлар талданады. Интеллектуалды креативті шығармашылыққа жататын әдебиет – ер адамдар ғана айналысатын сала деген стереотип cараланып, баспасөз бетіне шыққан әйел автордың шығармашылығына берілген баға ретіндегі материалдарға талдау жасалады. Сонымен қатар, «Бабалар сөзі» сериясымен шыққан, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында дайындалған қазақ фольклорының жүз томдығындағы әйел авторлар шығарған қара өлең мәтіндеріне герменевтикалық талдау жасалып, кесте арқылы мәтіннің неліктен әйелге тән екені көрсетілді. Әйелдердің мәтін шығару мотивтері мен себептері қарастырылды. Жарысқазан, құрсақ шашу, тұсау кесу, бесікке салу жоралғылары кезіндегі айтылатын магиялық сөздердің мәтінін әйелдер шығарған деп болжанады. Симона де Бовуардың мифтік шығармалардағы құдай сипатты әйелдер жайындағы талдауы мен қазақ фольклорындағы құдай әйел бейнелері туралы зерттеулер туралы салыстырулар мысалға алынып талданады. Нақты гендерлік талдау деп аталмаса да, Ыбырай Алтынсарин мен Шоқан Уәлихановтың, Ахмет Байтұрсыновтың еңбектеріндегі қазақ қоғамындағы жөн-жоралғылар мен салт-дәстүрді орындау кезіндегі әйелдер мен ер адамдарың атқаратын әрекеттері мен рөлі туралы жазбаларына мысалдар беріледі.</jats:p>

Show More

Keywords

мен қазақ әйелдер шығарған әйел

Related Articles

PORE

About

Connect