Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада 2013-2023 жж. Іле-Балқаш бассейніне жататын 13 жергілікті маңызы бар су айдындарына жүргізілген зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу нысандары - Құркөл, Сарыкөл, Жидекөл, Құры-Сары, Дүпшінкөл, Құндызды, Деревянное, Қайнар, Октябрь, Жаңадәуір, Достық, Крестьянский, Ащыкөл көлдері. Сонымен бірге, алабұғалар отряды (Perciformes), алабұғалар тұқымдасына (Percidae) жататын балқаш алабұғасының (Perca schrenki Kessler, 1874) сипаттамасы, оның ішінде, балқаш алабұғасының бассейн бойынша таралуы, ертеректегі аулау көрсеткіші, қоректену ерекшеліктері, санының азаюы, оның себептері мен шектеуші факторлары, Халықаралық табиғат қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл тізіміне және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енуі жөнінде де мағұлматтар берілген. Мақалада  сонымен қатар, зерттеу кезінде қолданылған аулау құралдарының сипаты және пайдаланған әдістемелер, ауланған орындардың картасы, суайдындардың ихтиофаунасы, ауланған балқаш алабұғасының ұзындық-салмақтық көрсеткіштері, көлдер бойынша балықтардың қоңдылығы (Фультон коэффициенті бойынша), кездесу жиілігі (пайызбен) көрсетілген және көлдердің әкімшілік аудандар бойынша орналасу мәліметі келтірілген. Зерттеу нәтижелері бойынша басқа көлдерге қарағанда балқаш алабұғасының саны Ащыкөл және Дүпшінкөл көлдерінде жоғары екені анықталды, Фультон бойынша қоңдылығында барлық көлдерде алабұғаның қоңдылығының орташа көрсеткіштері төмен емес және көлдер арасында  айырмашылық болмағанын көрсетеді.     </jats:p>

Show More

Keywords

бойынша және балқаш алабұғасының жататын

Related Articles