Abstract
<jats:p>Заманауи жағдайда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында жоғары сұранысқа ие отандық күріш сорттарының дән сапасына қойылатын талаптар айтарлықтай күшейетіні белгілі. Шетелдік нарықтарға шығуды ескере отырып, жаңа аймақтық технологиялар мен дақыл жинауға қатысатын жұмыс бөліктерін оңтайлы параметрлермен және жақсартылған пайдалану сипаттамаларымен жетілдіру қажет, атап айтқанда, комбайнның көлбеу камерасында күріш биомассасын біркелкі тарату технологияларын жетілдіру маңызды. Зерттеу нысаны күріш дақылын комбайнмен жинау кезінде орылған массаның бастыру аппаратқа дейін көлбеу камерадан өтуі. Күріш биомассасының тегістелу коффициентін анықтауға арналған эксперименттік зертханалық қондырғы. Күріш биомассасы фиксатор арқылы тігінен бекітіліп, раманың бойымен метрлік сызғыш көмегімен көлбеу камера осіне қатысты түрлі-түсті сабақтардың бастапқы координаттары өлшенеді. Кейін биомасса гофрленген тегістегіші бар көлбеу камераға беріледі. Эксперименттік-статистикалық әдісті қолдандық, бұл әдіс ғылымда да, өнеркәсіпте де әртүрлі мақсаттарда кеңінен қолданылады. Жұмыс механизмі өте күрделі және белгісіз күріш биомассасын тегістеу жүйесін зерттеу үшін осы тапсырма аясында «қара жәшік» концепциасы қолданылды. Тікелей және бөлектеп комбайндаудың мүмкіндігіне қарамастан, комбайн технологиясы күрішті шығынсыз жинау мәселесін толық шешпейді. Астықтың жалпы шығыны, оның зақымдануын ескере отырып, 20...25 % дейін жетеді. Бастыру барабанынан өткен кезде астықтың бір бөлігі механикалық зақымдануға ұшырайды. Күріш биомассасын тегістеу процесін одан әрі зерттеу үшін 24, 8 жұлдызды нүкте және 2 орталық нүкте түріндегі толық факторлық эксперименттің (ТФЭ) жартылай репликасынан (½) тұратын орталық композициялық айналмалы (ротатабельді) жоспарлау схемасы жүзеге асырылды. Эксперименттердің жалпы саны-18. Жұлдыз нүктелері үшін иық (плечо) шамасы α = 1,682. Сызықтық емес математикалық бағдарламалаудың көп мақсатты есептер класына жататын күріш биомассасын тегістеу үшін (4) – (5) құрылғының негізгі параметрлерін оңтайландыру моделі алынды.</jats:p>