Abstract
<jats:p>Мақалада болашақ тәрбиешілерді нутрициология негізінде денсаулық сақтау-білім беру ортасын құруға дайындау мәселесі қарастырылады. Авторлар қазіргі білім беру жүйесінде денсаулық сақтау технологияларын енгізу және дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру адамның сапалы өмір сүруі үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылатынын алға тартады. Зерттеуде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің балалардың физикалық, рухани және психологиялық денсаулығын сақтау мақсатында тамақтану туралы білім беру тәжірибесі қарастырылады. Нутрициология негіздеріне сүйене отырып, денсаулық сақтау-білім беру ортасын құрудың педагогикалық алғышарттары анықталды. Зерттеу барысында сауалнама және эмпирикалық әдістер қолданылып, алынған деректерге интерпретация жасалды. Мақалада болашақ тәрбиешілердің теориялық және практикалық дайындығының жеткіліксіздігі анықталып, оны толықтырудың әдістемелік жолдары ұсынылады. Зерттеу барысында сауалнама, практикалық жаттығу және эксперименттік диагностикалық әдістер қолданылып, pre-test және post-test нәтижелерінің салыстырмалы талдауы ұсынылды. Нәтижелер болашақ педагогтердің нутрициологияға негізделген құзыреттері мен танымдық түсініктерінің артқанын, сондай-ақ тамақтану мәдениетіне қатысты кәсіби бағыттылық пен әлеуметтік серіктестікке дайындығының күшейгенін көрсетті. Ұсынылған оқу бағдарламасы болашақ тәрбиешілердің денсаулық сақтау-білім беру ортасын құрудағы рөлін жүйелі түрде дамытуға бағытталған. Кілт сөздер: нутрициология негіздері, салауатты өмір салты, кәсіби құзыреттілік, денсаулық сақтау-білім беру ортасы, болашақ тәрбиеші, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі</jats:p>