Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл зерттеу болашақ әуе көлігі мамандарына физиканы кәсіби-бағдарлы оқытуда STEM білім беруді қолданудың құрылымдық әдістемесін теориялық және тұжырымдамалық тұрғыдан негіздеуге арналған. Зерттеу эмпирикалық деректер жинауға емес, теориялық зерттеу дизайны әдіснамасына сүйене отырып жүргізілді. Зерттеу жұмысы STEM білім беруді әуе көлігі мамандарын даярлаудағы физика пәнінің мазмұнына кіріктірудің көпдеңгейлі әдістемесін  ұсыну және оның кәсіби әлеуетін талдауға бағытталды. Зерттеу барысында STEM білім беру бойынша халықаралық ғылыми еңбектер, инженерлік білім беру теориясы, Азаматтық авиация академиясының «B167-Ұшақтардың және қозғалтқыштардың ұшуды пайдалануы» білім  бағдарламаларының оқыту нәтижелері, «Әуе қозғалысына қызмет көрсету және аэронавигацияны қолдау»,  «Азаматтық ұшақтарды ұшуды пайдалану (ұшқыш)», «Азаматтық тікұшақтарды ұшуды пайдалану (ұшқыш)» білім бағдарламаларына сай меңгерілетін физика пәнінің мазмұндық құрылымы және пәнді игеру нәтижесінде білім алушылардың құзыреттер картасы жүйелі түрде сараланды. Теориялық талдау нәтижесінде STEM білім беруді қолданудың пәнішілік интеграция, көппәндік интеграция және әлеуметтік-кәсіби интеграциядан тұратын үш деңгейлі құрылымы айқындалды. Бірінші деңгейде физикалық заңдар жаратылыстану ғылымдарының контексінде кешенді қарастырылады. Екінші деңгейде физика мазмұны математика және цифрлық модельдеу технологияларымен кіріктіріліп, инженерлік есептерді талдауға бағытталады. Үшінші деңгей оқу мазмұны нақты әуе қөлігі саласының өндірістік міндеттермен байланысты қарастырылып, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруды көздейді. Ұсынылған әдістеме STEM білім беруді қолдануды тек пәнаралық байланыс ретінде емес, кәсіби-бағдарлы көпдеңгейлі жүйе ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері әуе қөлігі саласының болашақ мамандарының талдау, жобалау және цифрлық құзыреттіліктерін дамытуда физика пәнінің әлеуетін арттыруға болатынын көрсетеді. Теориялық әдістеме жоғары білім беру жүйесінде инженерлік ойлауды қалыптастыруға және оқу мазмұнын өндірістік контекспен үйлестіруге негіз бола алады.</jats:p>

Show More

Keywords

білім және stem әуе беруді

Related Articles

PORE

About

Connect