Abstract
<jats:p>Бұл мақалада педагог-психологтардың цифрлық құзыреттілігін педагогикалық өлшемдер негізінде бағалау мәселесі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрландыру жағдайында педагог-психологтың кәсіби қызметі жаңа талаптарға сай өзгеруде. Осыған байланысты олардың цифрлық құзыреттілігін ғылыми негізде бағалау қажеттілігі туындайды. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы педагог-психологтардың кәсіби қызметінде маңызды өзгерістер мен жаңашылдықтарды талап етуде. Педагог-психологтың қызметіндегі цифрлық құзыреттілік - бұл тек ақпараттық технологияларды қолдана білу ғана емес, сонымен қатар психологиялық процестерді сандық құралдар арқылы зерттеу, талдау және қолдау көрсету қабілетін білдіреді. Цифрлық құзыреттілік педагог-психологтың оқушылар мен студенттерге қатысты психологиялық бағалау, кеңес беру, даму мониторингі және түзету жұмыстарын тиімді жүргізу үшін қажетті дағдылар мен білімдерді қамтиды. Мақалада педагог-психологтың цифрлық құзыреттілігіне қатысты теориялық негіздер, заманауи цифрлық құралдар мен платформалардың мүмкіндіктері, сондай-ақ бұл құзыреттіліктің кәсіби дамуы, ППМАЖ (Психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі), білім беру сапасын арттырудағы рөлі талқыланады. Цифрлық құралдардың педагог-психологтың жұмысында пайдалану тиімділігі мен оның білім беру процесіндегі маңызы, сондай-ақ болашақта цифрлық құзыреттілікті дамыту қажеттілігі жөнінде пікірлер ұсынылады.</jats:p>