Abstract
<jats:p>Мақала білім беру процесінде үлкен деректер қорын өңдеуде жасанды интеллектті қолданудың рөлін, әдістері мен қиындықтарын зерттеуге бағытталған. Оқу процесін жекелендіру, бейімделген оқыту жүйелері, білім беру бағдарламаларын оңтайландыру, нақты уақыттағы үлгерімді бақылау және шешім қабылдауды қолдау сияқты жасанды интеллектіні қолданудың негізгі аспектілері көрсетілген. Үлкен деректерді талдауға арналған жасанды интеллект құралдарын таң шеңберлі және жалпы жасанды интеллект түрлеріне сәйкес жіктеліп көрсетілген. Әлемдік тәжірибелердегі академиялық басылымдарға шолу жасау арқылы білімгерлердің эмоционалды жағдайын талдауда және білім беру процесін қолдаудың интеллектуалды жүйелерін құруда жасанды интеллектіні сәтті қолдану мысалдары келтірілген. Цифрлық теңсіздікті азайту және инклюзивті білім беру шешімдерін құру үшін жасанды интеллектіні қолдану перспективалары талқыланады. Сондай-ақ, жасанды интеллектті білім беру жүйелеріне сәтті интеграциялау үшін нормативтік-құқықтық базаның және инфрақұрылымды дамыту стратегияларының маңыздылығы атап өтіледі. Мақалада білім беру процесін өзгерту, оқыту сапасын арттыру және инновацияларды ынталандыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолданудың маңыздылығын көрсетеді. Білім беру саласын тұрақты дамыту және оқытуға жеке көзқарасқа қол жеткізу үшін жасанды интеллект енгізу бойынша ұсыныстар берілген.</jats:p>