Abstract
<jats:p>Қазіргі уақытта физиканы оқыту үдерісі заманауи білім беру технологияларын кеңінен енгізу арқылы қарқынды түрде жетілдірілуде. Заман талабына сай, білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстармен ұштастыра отырып, олардың зерттеушілік және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту аса маңызды. Мақалада физиканы оқыту үдерісінде заманауи технологияларды, соның ішінде STEM-технологияларын тиімді пайдалану жолдары қарастырылған. Жұмыстың негізгі мақсаты — білім алушылардың теориялық білімін тәжірибе арқылы бекіту, ғылым, технология, инженерия және математика арасындағы байланысты түсіндіру. Сабақ барысында білім алушылардың зерттеушілік, шығармашылық, сыни ойлау және топта тиімді жұмыс істеу дағдылары жан-жақты дамытылады. Жүргізілген педагогикалық зерттеу нәтижесінде STEM-тәсілінің физика пәнін оқытуда білім алушылардың қызығушылығын арттыруға және білім сапасын көтеруге ықпал ететіні дәлелденді.</jats:p>