Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақаланың мақсаты – Ларс Юханссон қалыптастырған жетекші теориялық бағыттарды жүйелі түрде талдап, олардың жалпы тіл біліміндегі орны мен түсіндіру мүмкіндігін айқындау. Атап айтқанда, зерттеуде viewpoint aspect тұжырымдамасының теориялық негіздері мен қолданылу аясы, evidentiality/indirectivity категориясын сипаттауға қосқан үлесі, сондай-ақ тілдік қатынаста кеңінен талқыланатын code-copying моделінің әдіснамалық әлеуеті сараланады. Автор Юханссон еңбектеріндегі аспектуалдылық, ақпараттық құрылым және тілдік қатынас (language contact) мәселелерінің бір-бірімен тоғысатын тұстарын көрсетіп, бұл бағыттардың өзара ықпалдасуын тұтастай ғылыми жүйе ретінде сипаттауды көздейді. Зерттеу әдіснамалық тұрғыдан тарихи-сипаттамалық, салыстырмалы және талдамалық тәсілдерге сүйенеді. Сонымен бірге ғалымның негізгі монографиялары, мақалалары, сондай-ақ редакторлық қызметі аясындағы іргелі жобалары кешенді қарастырылып, оның ғылыми ұстанымдарының қалыптасу эволюциясы мен ықпал ету кеңістігі айқындалады. Талдау барысында Юханссон ұсынған ұғымдық аппараттың (аспект, дәлелділік/жанама ақпарат, код көшіру) қазіргі түркологиялық және типологиялық зерттеулерде қалай қолданылып жүргені, қандай әдістемелік артықшылық беретіндігі нақты дәлелдер арқылы негізделеді. Мақаланың ғылыми жаңалығы – Юханссонды тек түркі тілдерін зерттеуші ғалым ретінде ғана емес, жалпы лингвистиканың теориялық дамуына ықпал еткен ғылыми мектептің өкілі әрі бағыттаушы тұлға ретінде бағалауында. Бұған қоса, оның халықаралық түркологиялық инфрақұрылымды қалыптастырудағы ұйымдастырушылық рөлі арнайы көрсетіледі: Turcologica сериясын дамытуы, Turkic Languages журналының ғылыми коммуникация кеңістігін кеңейтуі және Encyclopedia of Turkic Languages and Linguistics Online жобасын іске асыруға қосқан үлесі түркологиядағы білімді жүйелеу мен ғылыми стандарттарды орнықтыру тұрғысынан талданады. Зерттеу нәтижелері Ларс Юханссонның ғылыми мұрасы қазіргі түркология мен жалпы тіл білімінде өзектілігін сақтап отырғанын дәлелдейді. Оның теориялық модельдері тілдік деректерді түсіндірудің әмбебап құралдары ретінде қазіргі типология, аспектология, тілдік қатынас және дискурс / ақпараттық құрылым зерттеулерінде өнімді түрде жалғасып, жаңа эмпирикалық материалдар арқылы нақтыланып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, мақала Юханссон мұрасының ғылыми салмағын жүйелі түрде сипаттап, оның тұжырымдамаларының бүгінгі лингвистикалық ізденістердегі әдіснамалық маңызын айқындайды. Түйін сөздер: Ларс Юханссон, түркітану, viewpoint aspect [аспектуалдылық], тілдік қатынас, code-copying [код-көшірме].</jats:p>

Show More

Keywords

ғылыми Юханссон мен тілдік теориялық

Related Articles

PORE

About

Connect